USD
USD
USD

Теміртауда төтенше жағдай режимі енгізілді

Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған қаланың оң жағалауындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесіндегі технологиялық бұзылу себеп болған, деп жазды kazinform.

Су тасқыны
Фото: wikimedia

Алматы, NEGE. Жағдайды су тасқыны қиындатып отыр.

Белгілі болғандай, 29 наурызда «Аква-Трейдинг» ЖШС кезекші тобы Ду 200 дюкерінің (Нұра өзені) зақымданғанын анықтады. Оң жағалау бағытында су беру тоқтатылды.

«Құрметті теміртаулықтар, кеше Оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырының учаскесінде орын алған технологиялық бұзушылыққа байланысты осы аумаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнама нормаларын басшылыққа ала отырып, төтенше жағдай жарияладым. Оның аясында ауыз суды тез арада қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Теміртау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын учаскенің өзен арнасында орналасуы қиындатып отыр. Маусымдық су тасқыны салдарынан жөндеу бригадаларының оған қатынауы да қиын.

Қала әкімі активпен Оң жағалауды сумен қамту жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде сумен қамтамасыз ету кестесі келісілді. Диспетчерлік қызмет пен су тасымалдаушылар тәулік бойы жұмыс істейтін болады, қосымша телефон нөмірлері берілді. Жалғыз тұратын азаматтарға суды «Шаңырақ» орталығының еріктілері жеткізіп береді.

Диспетчерлік телефон нөмірі: 934555 немесе 87084302541

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті