USD
USD
USD

Су басқан елді мекендерден 7,7 мың адам эвакуацияланды

Уақытша қоныстану пунктеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала жеткізілді, деп хабарлады ТЖ министрлігі.

эвакуация
Фото: kazinform

Алматы, NEGE. Азаматтық қорғаныс қызметтері су тасқыны басталғалы бері республика бойынша 7 783 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 2 800 бала бар.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6 мыңнан астам адам, 3000 бірлік техника және 12 әуе кемесі жұмылдырылды.

Жеті облыс республикалық жедел штабтың бақылауында: Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 миллионнан астам текше метр еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді.

Психологиялық және ақпараттық қолдау және көмек көрсету үшін еліміздің 6 өңірінде тәулік бойы ТЖМ "қауырт желі" телефондары жұмыс істейді:

Астана қаласы: 8 (7172) 704-114

Ақтөбе облысы ТЖД: 8 (7132) 548-657

БҚО ТЖД: 8 (7112) 554-088

Қостанай облысы ТЖД: 8 (7142) 501-960

Ақмола облысы ТЖД: 8 (7162) 551-484

Қызылорда облысы ТЖД: 8 (7242) 244-161.

Қазір оқып жатыр

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

.

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова