USD
USD
USD

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай сатып алуды тоқтатты

Бұған себеп кореялықтар аз күкіртті мұнайды сатып алу Қызыл теңіздегі хуситтердің шабуылы аясында тым қымбат және тиімсіз деп санайды. Бұл туралы Standard&Poors порталы жазды.

Корея
Фото: egemen.kz

 

Алматы, NEGE. Оңтүстік Корея CPC Blend мұнайының тұрақты сатып алушысы болды. Мұнай өңдеушілер соңғы онжылдықта айына орта есеппен 3-5 миллион баррель тұтынған.

Новороссийск Қара теңіз портынан CPC Blend сортының мұнайы Суэц каналы арқылы Оңтүстік Корея порттарына жеткізіледі.

Ақпан айында Қызыл теңіз арқылы логистикадағы қиындықтарға байланысты бірде-бір партия жеткізілмеген. Жеткізу құны сақтандыру ақыларына байланысты өскен.

Оңтүстік Кореяның ірі мұнай өңдеу компаниясы SK Innovation және оның көліктік еншілес компаниясы SK Shipping қазақстандық мұнайды жеткізуге арналған CPC Blend логистикалық шығындарының күрт өскенін атап өтті.

Осыған байланысты, Сеулде орналасқан Корей мұнай қауымдастығының сарапшылары мұнай өңдеу зауыттары болашақта CPC Blend сортының шикі мұнайын сатып алуды айтарлықтай азайтатынын алға тартты.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам