USD
USD
USD

Ақтөбедегі ауыл халқы қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Ойыл ауданының Ш.Берсиев мектебінде отырған 300-ге жуық тұрғын эвакуацияланып жатыр. Қазіргі уақытта 117 адам аудан орталығына жеткізілді, деп хабарлады Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Су
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылдық округіне қарасты Ш.Берсиев ауылына көмек жетті. Тұрғындардың алды аудан орталығындағы эвакуациялық пунктерге орналасып жатыр.

"Спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пунктке тұрғындарды орналастыру жүреді. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру қарастырылған. Барлық тұрғын медицина қызметкерлерінің тексеруінен өтуде", -деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құтқару жұмыстары қайықпен, тікұшақтармен жүргізілді. МИ-8 тікұшағына тиелген азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кишек пен көрпе-төсек халыққа жеткізілгені хабарланды.

Айта кетейік, осыған дейін жылуы мен суы жоқ мектепте бір ауылдың тұрғындары көмек күтіп отырғанын жазған едік. Облыстық ТЖД мәліметінше, өңірде 757 үй су астында қалды. 5200 адам эвакуацияланды, оның 2111-і бала. Сондай-ақ 1094 бас ірі қара малды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жұмыстары жүрді. 2015 адам, 620 бірлік техника, 32 мотопомпа, 13 жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖД Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысында барлық өзендер қауіпті деңгейден асуы мүмкін екенін хабарлайды.

"2024 жылғы 01 мен 05 сәуір аралығында күндізгі ауа температурасының жоғарылауы болжамына және қарқынды қар еруіне байланысты өзен алаптарында су деңгейінің көтерілуі және өзендерде мұз кептелісі болуы күтіледі", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана