10 Ақпан 13:48

Айналымға миллиондап жалған ақша түскен

Фото:

ҚР Ұлттық банкі 2019 жылы анықталған жасанды банкноттар мен монеталар туралы айтты.

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 2019 жылы 5 786 300 теңге сомасына 1319 жалған банкнот жасалғанын анықтады, олардың 1313-і – банкнот, 6-ауы – монета.

«Өткен жылмен салыстырғанда, жасанды ақшалардың саны 6% азайды. 2018 жылы Қазақстанда 6,4 млн теңге сомасына 1408 жалған ақша анықталды. Оның 1386-сы банкнот, ал 22-сі монета болған», – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Былтыр ең көп анықталған жалған банкноттар: 2 мың теңге – 420 дана, 5 мың теңге – 395 дана, 10 мың теңге – 283 дана. Қадағалау органының мәліметтері бойынша, Алматы көшірме ақша жасауда алда тұр.

Мегаполисте – 937 дана жалған ақша анықталған. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан облысы (106 дана) және Нұр-Сұлтан қаласы (104 дана) орналасқан.

Тегтер: