25 Сәуір 19:11

Аида Балаева «ProTenge» журналистерінің үстінен іс қозғалуына қатысты пікір білдірді

Балаева
Фото: Фото: из открытых источников

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «ProTenge» телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында «ProTenge» телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны А.Ниязов репост жасаған). Алайда, кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды.

Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге баға беру және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді.

Жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция қызметкерлері әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалауға құқығы жоқ.

Бұл «МАМ берген арыздар» деп хабарлау дұрыс емес, мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.

Жалпы, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының құқының бұзылуына жол бермеу ұстанымын ұдайы ұстанады. Сондай-ақ журналистерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын.

БАҚ пен азаматтарды жалған және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырамыз», – деді министр.