Дариға Бадықова тағы халықтан кешірім сұрады
Жұртты Диснейдің «Моана 2» анимациялық туындысына бармауға шақырған Дариға Бадықованың сөзі әлі талқыға түсуде. Біреулер оның үндеуін әжуаға алып, әзілге толы бейнежазбалар түсірсе, ендібіреулер актрисаны өткір сынға алған.
Мәселен, аталған мультфилімді тамашалаған Алмас Алтай есімді көрермен Тикток желісінде «Моананы қырт дегендердің өздері қырт» деп қағытты.
Бейнежазбада желі қолданушысы Бадықованың батыстық туынды жайлы сын айтуына негіз жоқ екенін айтқан.
«Себебі Дисней компаниясының саясаты бойынша «Моана» әлемде тек қана отыз тілге ғана аударылады. Соның бірі ретінде қазақ тілі таңдалып отыр. Яғни, Дисней компаниясынан ақша шықпаса, бізден шықпады. Қайта олар біздің аудармашыларға, дыбыстаушыларға, үйлестірушілерге ақы төледі. Туындының сапасы өте керемет. Сондықтан Дариға апайдың «қыртсыңдар» деп әңгіме айтуы орынсыз екенін ескертемін», – деді.
@iamalmasaltay "Моана 2" фильмінің қазақшасына барыңдар!!! Қазақшасын талап етіңдер!!! Өте сапалы фильм!!! Балаларға тамаша сыйлық!!! #ҚазақшаСөйле #ҚазақшаКөр #АлмасАЛТАЙ ♬ оригинальный звук - Almas ALTAY
Мұны көрген желідегі жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі Бадықованы жақтаса, ендібіреулер авторды тұқыртуға тырысқан.
«Бадықова байқамай, Моанаға жарнама жасап берді ғой», «Қателеспейтін адам болмайды. Бір ауыз сөз қателік кеткен екен өзімізден. Қазақ қой, оны бір дауға айландырмай-ақ қалаған таңдауымызға бара берейік», «Мәні жоқ, тәрбиесіз, мәдениетсіз кинолар түсіріп еще әңгіме айтады. Бала баратын кино емес», «Балаларыңыз «Моананы» мағынасын түсініп көреді деп ойлайсыз ба?! «Таптым ау сені» мағыналы, Дариға өзінің өмірінің бір бөлігін, екінің бірінде болатын проблемаларды түсіріп мотивация беріп отыр» – деп жазды көпшілік.
Бір қызығы осындай пікірлер арасында Бадықованың жазбасы да бар болып шықты. «Аузымнан байқамай шығып кетіпті, қазақ елінен кешірім сұраймын!» деп жазған актриса.