USD
USD
USD

Қоспаев тобының ісінде Байбектің аты аталды

Бұл туралы Nege.Aqsha жазды.

Б
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. "Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан тобы 2019 жылдың сәуір айынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін «AV-Construction» ЖШС атынан Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке Алматы қаласындағы Қаппарова көшесіндегі үш нысанды сатып жіберген. «Д.Абижанов, Т.Танашев және Р.Бабаев ұйымдасқан топ басшысы Е.Қоспаевпен және басқа тұлғалармен келісе отырып, өздеріне сеніп тапсырылған және салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерін Алматы қаласының бұрынғы әкімі Б.Байбектің әкесі Байбек К.-ның пайдасына кәсіпорын мен оның заңды меншігіне құнынан төмен бағаға сату туралы шешім қабылдады.

Осыдан кейін Д.Абижанов, Т.Танашев және Р.Бабаев, Е.Қоспаевпен және Қ.Байбектің мүддесін көздейтін басқа тұлғамен келісе отырып, ұрлық үшін таңдап алған үш нысанды Байбек Б.-ның пайдасына сату құнын анықтаған. Яғни, Қ. Байбек 1м2 үшін өзіндік құрылыс құнынан біршама төмен 230 мың - 425 мың теңге аралығында төлеген ", – делінген  құжатта.

Мәселен, пәтер алаңы 114,7 м2 тұратын құрылыс алаңы 43,5 млн теңгеге сатылған, ал жалпы көлемі 220 м2 құрайтын екі тұрғын емес үй-жай 50,2 және 40,4 млн теңгеге бағаланған.

Қыдырғали Байбек тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқыған, ал Елдос Қоспаевты экс-президенттің ағасы, марқұм Болат Назарбаевтың «оң қолы» деп атайды. Бұл топтың ісінде Болат Назарбаев есімі жиі кездеседі, бірақ айыптаушы тарап Қоспаев басқаларды қорқыту үшін ғана оның атын пайдаланған деп есептейді.

«2016 жылдың қазан айынан бастап Е.А.Қоспаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің інісі, «Қаржы-өнеркәсіп холдингі «БН Инвест» ЖШС басшысы Назарбаев Болат Әбішұлының есімін өзінің мақсатына пайдалануға шешім қабылдаған», - делінген хабарламада.

Биыл Елдос Қоспаев тобының мүшелеріне үкім шығарылып, олардың алды 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бауырлары Айдос пен Айбек 12 жылға кесілді. Сотта тағы тоғыз адамның аты аталды. Олар 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

AFM мәліметінше, қылмыстық топ кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.  

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов