Референдум Референдум
10 Наурыз 16:45
...

28 жыл бұрын америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған ата-анасын іздейді

 Николас Пикколо
Фото: facebook.com/KazakhAmericanAssociation

Қазақстанда туып, америкалық отбасы асырап алған қазақ жігіт туған ата-анасын іздеуде.

Референдум

Астана, NEGE. Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында Қазақстаннан асырап алынған Николас Пикколоның жұбайы хабарландыру жариялап, көпшіліктен көмек сұрады.

Жұбайының айтуынша, Николас 1998 жылғы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оның атын Руслан деп қойған, тегі Өмірзақов болған. Америкалық отбасы оны Қарағандыдағы «Малютка» балалар үйінен асырап алған. Мекеме «Шапағат» деп те аталуы мүмкін, бірақ нақты ақпарат жоқ.

Николасты 2003 жылғы 19 қаңтарда асырап алып, АҚШ-қа алып кеткен. Ол ержеткен соң биологиялық ата-анасын іздеп табуға бел буыпты.

«Біреу бізге көмектесе алады дегенге сенімді емеспін, бірақ көмектесе алатын болсаңыз, бізге хабарын берсеңіз», – деп жазыпты Николастың жұбайы.

Жұбайы Николастың балалық шағы туралы қосымша мәліметтің өте аз екенін айтады: тек туған күні, туған кездегі есімі, туған жері және асырап алынған күні белгілі.

Референдум