USD
USD
USD

Астананың қақ ортасында дәрет сындырған екі шетелдікке елге кіруге тыйым салынды

Әлеуметтік желілерде Астананың орталығындағы ғимараттардың бірінің маңайында түсірілген видео тарады – шетел азаматы күндіз қоғамдық орында дәрет сындырған.

Шетел азаматы
Фото: Видеодан кадр/Криминальный Казахстан

Астана, NEGE. Telegram-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында оқиғаның видеосы жарияланып, жай-жапсары айтылды. Куәгердің сөзінше, Қытай азаматына ұқсайтын ер адам мас күйінде Достық көшесіндегі «Нұрсая–2» тұрғын үй кешенінің жанындағы субұрқақтың қарсы бетінде дәрет сындырған.

Полицейлер құқықбұзушыларды анықтады.

«Олар 35 және 49 жастағы шетелдік екі азамат болып шықты. Олар анықталғанға дейін Қазақстан Республикасынан шығып үлгерген. Соған қарамастан полицейлер кінәлі адамдарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салды», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі бұл дерек бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін Сыртқы істер министрлігін хабардар еткен.

Полицейлер елдегі әрбір адам азаматтығына қарамастан, қоғамдық тәртіп пен мінез-құлық нормаларын сақтауға міндетті екенін еске салды.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай