USD
USD
USD

Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік Forbes тізіміне енді

Америкалық Forbes басылымының жаңартылған әлемдік миллиардерлер тізіміне алғаш рет Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев енді.

Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев
Фото: astana-motors.kz, instagram.com/rakhimbaevaidyn

Астана, NEGE. Басылым дерегінше, Astana Group компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың байлығы 1,3 миллиард доллар деп бағаланған, бұл оған әлемдік тізімде 2858-орынды иеленуге мүмкіндік берген.

Ал BI Group құрылыс холдингінің мажоритарлық акционері Айдын Рахымбаев 1,1 миллиард доллар капиталмен тізімде 3185-орынға ие болды.

Forbes басылымының нұсқасы бойынша, әлемдегі ең бай миллиардерлер тізімін екінші жыл қатарынан Tesla және SpaceX иесі Илон Маск бастап тұр. Оның таза байлығы 839 миллиард долларға бағаланады, бұл өткен жылғыдан 2,5 еседей жоғары. Екінші және үшінші орындарға Google-дің негізін қалаушы Ларри Пейдж пен оның серіктесі Сергей Брин жайғасқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері