Референдум Референдум
10 Наурыз 16:52
...

Қауіпсіз энергетикаға қадам

ЖЭО
Фото: Үкімет

Биыл еліміздің негізгі өңірлерінде 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінде екі энергоблокта, төрт қазандықта және екі турбинада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлап, алдағы уақытта қай қаладағы ЖЭО-да жұмыстар басталатынын нақты атады.

Референдум

Мәліметке қарағанда, «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО-сында 2 қазандық агрегаты мен 1 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізіледі. Степногор ЖЭО-сында күрделі жөндеу 2 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатты қамтиды.

Ақтөбе ЖЭО-сында 3 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегат жаңартылады. «Қазхром» ЭС-інде бу турбинасын күрделі жөндеу жоспарланған.

Алматы энерготорабында 1-ЖЭО-да қазандық агрегаты мен турбоагрегат жөнделеді. 2-ЖЭО-да қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жасалады. 3-ЖЭО-да қазандық агрегаты мен турбоагрегат жаңартылады.

Атырау ЖЭО-сында тізімге 3 қазандық пен 2 турбоагрегат енді. Karabatan Utility Solutions-та жоспарда 4 газ турбинасы бар, ТШО ГТЭС-інде газ турбинасын жөндеу аяқталды, тағы 3 турбинаны жөндеу қалды.

Өскемен ЖЭО-сында 4 қазандық агрегаты мен 2 турбина жаңартылады. Согра ЖЭО-сында 3 қазандық пен 1 турбина, ал Риддер ЖЭО-сында қазандық агрегаты және Бұқтырма ГЭС-інде 1 турбоагрегат күрделі жөндеуден өтеді.

Жамбыл ГРЭС-інде жоспарға 2 энергоблокты күрделі жөндеу енгізілген. Тараздағы 4-ЖЭО-да қазандық агрегаты жаңартылады.

Топардағы Қарағанды ГРЭС-інде күрделі жөндеу 3 қазандық пен 2 турбоагрегатты қамтиды. «Qarmet» ЖЭО-де – 1 турбоагрегат, «Qarmet» АҚ 2-ЖЭО-сында — 3 қазандық пен 1 турбина жөнделеді. Қарағанды 3-ЖЭО-сы 2 қазандық пен 2 турбоагрегатты, ал Балқаш ЖЭО-сы — 2 қазандық пен турбоагрегатты қамтиды. Қарағанды ГРЭС-1-інде күрделі жөндеу қазандық агрегаты мен турбоагрегатта жүргізіледі.

«ССГПО» АҚ Рудный ЖЭО-сында күрделі жөндеу қазандық пен 3 турбоагрегатты қамтиды.
Екібастұз ГРЭС-1-дің 3 энергоблогы, Екібастұз ГРЭС-2-нің 2 энергоблогы және «ЕЭК» АҚ ЭС-нің екі энергоблогы жаңартылады. Павлодар 1-ЖЭО-сында 3 қазандық, 2 турбина күрделі жөндеуден өтеді. 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да 5 қазандық пен 4 турбоагрегат жөнделеді.

Маңғыстау облысында МАЭК-тің 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-сында 4 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегат жақсартылады.

Петропавл 2-ЖЭО-сында күрделі жөндеу 5 қазандық агрегатын, турбоагрегатты қамтиды.

Жезқазған ЖЭО-сында 2 қазандық күрделі жөндеуден өтеді.

Шымкент 3-ЖЭО-сы қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізеді.

Сала мамандары ЖЭО мен желілерді жаңғырту орныты әрі қауіпсіз энергетикаға жол ашатынын айтады. Бұл әсіресе қыс кезіндегі апаттардың алдын алып, атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтады.

Тегтер:
Референдум