USD
USD
USD

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды бірнеше жерінен пышақтап өлтірді деп күдікке ілінген жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды.

Күдікті, Нұрай
Фото: Отбасылық архивтен

Астана, NEGE. Бұл туралы Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталуға жақын.

«Тергеушінің қаулысына сәйкес сот-психиатриялық сараптама жүргіздік. Қазір оның нәтижелері дайын. Күдікті есі дұрыс тұлға ретінде заң алдында жауап береді. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, қазіргі таңда іс аяқталу сатысында», – деді Әділов.

Айта кетейік, қанды қылмыс 11 қаңтар күні кешкілік Шымкент қаласындағы Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында жасалған. 21 жастағы Нұрай Серікбай есімді қызды танысы 11 жерінен пышақтап кеткен.

Адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы күдікті 13 қаңтарда Шымкенттен 10 шақырым жерден ұсталып, қамауға алынды.

Осы оқиғадан кейін құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін қалалық полиция департаменті бастығы және оның бірінші орынбасары, сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Cәуір айының басында екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол Талғар ауданы Ақтас ауылындағы мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілгені белгілі болды.  

Қазір оқып жатыр

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

.

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

эвтаназиялау