USD
USD
USD

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы Байқоңырдағы «Бәйтерек» кешенінен сынақ ретінде ұшырылды.

.
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Астана, NEGE. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, сынақ барысында зымыранның бірінші және екінші сатылары қалыпты жұмыс істеді. Жүк макеті жоспарланған бағытқа сәтті шығарылды. Бұл кешеннің толық жұмысқа дайын екенін көрсетті.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі жетістік Қазақстанның ғарыш саласына толық қатысуға дайын екенін дәлелдейді. Елде қажетті инфрақұрылым, спутниктік жобалар және білікті инженерлер бар.

«Прогресс» зымыран-ғарыш орталығында әзірленген «Союз-5/Сұңқар» тасығышы төмен жер маңы орбитасына 17 тоннаға дейін жүк шығара алады.

«Бәйтерек» кешені мен «Союз-5/Сұңқар» зымыраны керосин мен сұйық оттегі сияқты улы емес отынды пайдаланады. Бұл экологиялық тұрғыдан қауіпсіз шешім саналады.

Жаңа кешенді іске қосу ғарышты игеруге және елдің индустриялық әлеуетін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазір оқып жатыр

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек