2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Sulpak сауда желісінің негізін қалаушы, марқұм Андрей Пактың қызы Светлана Пак компаниядағы үлеске қатысты дау барын мәлімдеді. 

сулпак
Фото: instagram.com/svet.lanaa84

Астана, NEGE. Светлана Пак видеоүндеу жасап, әкесінің компаниядағы үлесі ешқашан сатылмағанын айтты. Оның сөзінше, кейбір ақпарат құралдарында тараған бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«БАҚ-та әкем үлесін сатып жіберді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған», – деді ол.

Ол сондай-ақ Sulpak компаниясын 1992 жылы әкесі құрғанын еске салды. Алайда өмірінің соңғы жылдарын Андрей Пак шетелде өткізді. Қызының айтуынша, сауда желісінің барлық қарыздық міндеттемелері әкесінің атына рәсімделгендіктен, ол елге орала алмаған.

Светлана Пак әкесіне тиесілі үлестің басқа адамның атына қалай өткенін түсіндіруді талап етті. 

«Алмаз Сұлтанғазин (Андрей Пактың серіктесі) менімен байланысқа шығып, әкемнің компаниядағы үлесін өз атына қалай рәсімдегенін түсіндірмейінше, бұл мәселені көтеруді тоқтатпаймын», – деді ол.

Еске салайық, Андрей Пак 2024 жылы қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті