USD
USD
USD

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Жаңадан құрылып, тіркелу сатысындағы «Әділет» саяси партиясы өзін цифрлық партия ретінде таныстырып, азаматтарды платформа арқылы онлайн түрде мүше болуға шақырды. 

әділет партия
Фото: nege.kz

Астана, NEGE. Тіркелу үшін пайдаланушы ұялы телефон нөмірін, ЖСН енгізіп, өтінішті eGov Mobile арқылы электронды цифрлық қолтаңбамен растауы қажет.

Әзірге платформа пилоттық режимде жұмыс істейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта оның мүмкіндіктері кеңейтіледі. Атап айтқанда, қолданушылар партия қызметімен танысып, интерактивті талқылауларға қатысып, мүшелік есебін цифрлық форматта жүргізе алады. Сондай-ақ түрлі бастамаларды онлайн талқылау мүмкіндігі қарастырылған. Платформа өңірлер бойынша аналитикалық деректер мен интерактивті картаны да ұсынады.

партия сайт
join.adilet-partiyasy.kz

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Қарлығаш Жаманқұлованың айтуынша, бұл платформа болашақта партия мүшелері үшін толыққанды цифрлық ортаға айналады.

«Қазірдің өзінде белгіленген қолдау санына жетіп қалдық. Дегенмен, осы платформа арқылы қолдаушылардың саны әлдеқайда көбейеді деп ойлаймыз. Тіркеу сәтті аяқталған соң да бұл сайт жұмысын жалғастырады. Жалпы бұл тек сайт емес, пікір алмасуға, талқылау жүргізуге, чаттар мен әлеуметтік желі форматындағы байланысқа мүмкіндік беретін алаң болады», – деді ол.

партия
nege.kz

Оның айтуынша, партияны ресми тіркеу үшін құрылтай съезін өткізіп, кемінде 5 мың мүшеден тұратын тізім ұсыну қажет. Іс-шара 7 мамырға жоспарланған. Онда партияның жарғысы, бағдарламасы және басшылық құрамы бекітіледі.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева