«Блокададағы Ленинградтай болған едік»: Павлодар облысындағы ауылға су тартылды

Железин ауданының Церковное ауылында орталықтандырылған су желісі тартылып, оған ауылдағы барлық 170 үй қосылды. Ауыл тұрғындары ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовқа өз қуаныштарын айтты.
– Біз кеңестік кезеңнен орталықтандырылған суды күтіп, армандадық! Әрбір сенбі сайын блокададағы Ленинград тұрғындарындай флягтарымызды, кастрөлдерімізді суға толтырып қоятынбыз... Өткен жылы нағыз заманауи су құбыры тартылды, – деді ауылдықтардың бірі.
Сондай-ақ, ауылда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жергілікті мектепте жөндеу жүргізіліп, алты көшенің жолдары мен мәдениет үйі жөнделіп жатыр.
Әбілқайыр Сқақов аудан аграрийлерімен де кездесіп, астық жинау кампаниясының барысын талқылады. Биыл астық мол болады деп күтілуде. Мәселен, Новомир ауылдық округінде шаруалар гектарынан кем дегенде 18 гектар алуда, бұрынғы жылдары астық шығымдылығы гектарынан 10,5 центнерден аспайтын. Жергілікті шаруа қожалығының басшысы Георгий Черепанов мұндай табыс кооперацияның жемісі екендігін айтты. Қазіргі кезде кәсіпорын басқа үш қожалықпен әріптестік орнатқан.
– Биыл астық өткен жылдарға қарағанда анағұрлым жақсы, – дейді шаруалар.
Суармалы егістіктерде өсірілген картоптың көлемі гектарынан 450 центнерге дейін жетеді. Жергілікті кәсіпорынның бірінде сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайтын жаңа көкөніс қоймасын салып, қолда бар қоймалардың қуаттылғын 11 мың тоннаға дейін жеткізді.
– Мемлекеттің көмегінің арқасында даму мүмкіндігі бар. Келесі жылы тағы бір көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отырмыз, – дейді «КАБ» ЖШС-ің жетекшісі Тимур Кабдулов.
Қарақұмық өндірушілері де аймақ басшысына астық кампаниясының аралық нәтижелері туралы айтты. Шаруалар өсіретін қарақұмық алқаптары еліміздегі егістіктердің жартысын құрайды. Фермерлер астық жинауды жаңа бастаса да, алғашқы кезден-ақ гектарынан кемінде 15 центнер алуда.
Жем-шөп дайындайтын аграрийлер жайылымдарды суландыру проблемасы туралы айтты. Шаруалардың айтуынша ауданда жерлерді алқаптарды сумен қамтамасыз ету үшін су асты көзін табу өте қиын.
– Шаруалар бұл мәселемен жалғыз өздері айналыспауы керек, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Бұл үшін геологтар мен мамандандырылған ұйымдар бар, олар судың дебетіне есеп бере алады. Жалпы, жайылымдарға келетін болсақ, өңірде шалғындандыру бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Көпжылдық шөптерді бұрын олар өспеген жерлерде өсіру керек. Біз осы пилоттық жоба үшін бірнеше елді мекенді таңдаймыз. Сонда жем-шөп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де, жеке қосалқы шаруашылықтарға да жетеді.
Аудан орталығында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов кәсіпкерлермен сөйлесті. Жол маңы қызмет көрсету кешенінің иесі мемлекет тарапынан кешен алдындағы 3,5 мың шаршы метр автотұрақты асфальттауға көмек көрсетілгенін айтты.
– Тұрақты абаттандырған соң кешеніміздің бейнесі өзгерді, – деп атап өтті нысанның иесі Кукузова Салтанат. – Қазір біздің бекетте фуралардың жүргізушілері мен туристер көп тоқтайды, сондықтан, бұл қолдау біз үшін аса қажет болды.
Сонымен бірге, Әбілқайыр Сқақов Міржақып Дулатұлы атындағы №3 мектепте болды. Аймақ басшысы облыстық және республикалық байқауларда Железин ауданының атын шығарып жүрген дарынды оқушыларымен сұхбаттасып, оларға оқуда жетістіктерге жетуін тіледі.