Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі өтті: Мұғалімдер әулеті жеңімпаз атанды

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» Ұлттық конкурсы жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық отбасы күніне орай 15 мамырда басталды.
Алматы, NEGE. 2025 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудан әкімдіктерінде Ұлттық конкурсқа қатысу туралы өтінімдер қабылданып,
қала бойынша 250 отбасы қатысуға ниет білдірді.
15 маусым мен 30 маусым аралығында аудандық комиссия құрамы өтінімдерді қарап, 2 үздік шыққан отбасыны қалалық комиссияның қарауына жолдады.
Ұлттық конкурсқа қатысу туралы өтінім берген отбасылардың ішінен аудандық деңгейде үздік деп танылған 16 (әр ауданнан 2 отбасы) отбасының құжаттары 2025 жылы 1 шілдеде қалалық комиссия отырысында қаралды.

2025 жылы 15 шілдеде Алматыда «Мирас» салтанат сарайында Ұлттық конкурстың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 8 аудан мен Алматы қаласының жеңімпаз отбасыларын естелік сыйлықтармен марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Ұлттық конкурстың Алматы қаласы бойынша жеңімпазы – Дүйсебаевтар отбасы деп танылды. Дүйсебаевтар отбасы – ұстаздар отбасы. Ұлбосын Дүйсебаева 40 жыл ұстаз болған көп балалы ана, ақжаулықты әже. Жұбайы марқұм Дүйсебаев Әбдікамал да ұлағатты ұстаз, ақын болған, 4 кітабы жарық көрген. Дүйсебаев Әбдікамалдың 5 бауыры, Дүйсебаева Ұлбосынның 4 бауыры, әке-шешелері де ұстаз болған. Ұлбосын апаның әкесі Әбен Шерімбетов Мақтарал ауданындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің тұңғыш директоры болған.
Дүйсебаевтар отбасы 9 бала, 25 немере, 9 шөбере сүйіп отырған көп балалы әулиет. Қазіргі таңда Ұлбосын апаның 9 баласы да ұстаздық жолында еңбек етіп етуде, 3 немересі де атадан қалған жолды жалғастырып келеді. Әулеттің педагогикалық еңбек өтілі 501 жыл.
2025 жылдың қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында Ұлттық конкурс лауреаттарын дипломдармен марапаттаудың Республикалық салтанатты рәсімі өтеді. Бұл рәсімге Алматы қаласынан Дүйсебаевтар отбасы қатысады.