«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр? Экология министрі жауап берді

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы қалай жүріп жатыр? Осы жоба аясында осы күнге дейін қандай жұмыстар атқарылды?
NEGE тілшісі Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасаөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан НЫСАНБАЕВҚА осы сауалдарды жолдады.
«Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде республикамыздың орман қорында 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш түптерін отырғызуды тапсырды. Бүгінгі күні жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр. 500 миллионнан астам көшет 246 мың га жерге отырғызылды. Әр облыс бойынша жоспар бекітілген. Сол жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі күні жоспардан тыс 15 млн ағаш отырғызу ойда бар. Ол мәселе бойынша облыстармен, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері жоспарларын жасады. Ол қазіргі таңда бекітілген. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Одан тыс бүгін осы мәселені сапалы деңгейге қою үшін менің бұйрығыммен мемлекеттің қасынан штаб құрылды. Штаб аясында екі топ өңірлерді тексерді. Ағаш отырғызу бойынша есеп қаншалықты дұрыс? Сапасы қандай? Олар осы сұрақтардың төңірегінде жұмыс жүргізді. Қазан айының соңына дейін облыстар бойынша толығымен сапалы мағлұматқа ие боламыз», - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Министрдің айтуынша, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін көшет отырғызу жұмыстарын көрсететін интерактивті карта жасалған.
Ағаш отырғызу, көгалдандыру жұмыстарын ұдайы жүргізу арқылы халыққа пайдасы зор жобаны жүзеге асырамыз. Әрбір жобаның мақсаты – ел игілігі үшін жұмыс істеу болып отыр. Мемлекет басшысы да «Жасыл Қазақстан» жобасы арқылы экологиялық ахуалды жақсартуға арналған бірқатар шараны жүзеге асыруды тапсырды. Қандай жоба болмасын ең алдымен жергілікті халықтың мүддесін көздеуі тиіс.
Көгалдандыру жұмыстарының да тигізер пайдасы мол.
Қазақстан, біздің Отанымыз. Бұл өте үлкен ел, әдемі, жасыл және табиғи ресурстарға бай. Адамдар қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтамау салдарынан – қоқысты орынсыз жерге тастайды, кәдеге жаратуды ыңғайлы ету үшін белгілі бір контейнерлерге сұрыптамайды, электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбайды, арттарынан жарықты сөндірмейді. Дәл солай жалғасатын болса, еліміздегі жағдай қиындай түседі.
Табиғатымыз өле бастады. Пластмасса мен фольга қағаз тез ыдырамайды. Бөтелкелер, шыны және пластмасса, батареялар, сөмкелер, чиптерге арналған қаптамалар және басқа тәттілер қоршаған ортаға зиянын тигізеді.
Балаларды қоқысты еш жерге тастамай, тек белгіленген жерге лақтыруды үйрету керек. Атап айтқанда, қоқыс жәшіктері. Қоқыс тастамай,табиғи байлықтарымызды есеппен пайдаланғанымыз абзал. Осылайша еліміз өз табиғатын жылдар бойы сақтай алады. Ал бұл халық үшін аса маңызды.