USD
USD
USD

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

«Балапан» телеарнасының өкілдері желіде қызу талқыланып жатқан актер Нұрғали Нұғманның оқиғасына қатысты мәлімдеме жасап, оқиғаға арна қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

Нұрғали Нұғман
Фото: instagram.com/nurgali.nugman

Астана, NEGE. Телеарна мәліметінше, 2010 жылы ашылған арнада ер адамдар продюсер қызметін атқармаған.

«Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың "Балапан" телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады», – делінген телеарна мәлімдемесінде.

«Балапан» телеарнасы тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Нұрғали Нұғманның әңгімесінің шынайылығына күмән келтіріп, мұның бәрі хайп үшін жасалып отыр деп есептейді. Күмән тудырған жайттардың бірі – оның досы, контент-креатор Асанәлі Құрманғазы жариялаған стористер. Онда «бір күнде резонанс жасаймыз, хабарласыңыздар», «хайптағы жігіт», «Қазақстанда жаңа қозғалыс бастаймыз» деген жазбалар болған. Сонымен қатар Нұрғалидің басынан өткен ауыр оқиғаларды айта отырып, түрлі тауарларды жарнамалағаны да сынға ілікті.

Қолданушылардың пікірінше, бұрынғы актер танымалдылығын және жазылушылар санын арттыру үшін бұл оқиғаны ойдан шығаруы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін бала кезінде танылған актер Нұрғали Нұғман жобада продюсер болған туыс ағасынан зорлық көргенін мәлімдеген еді. Айтуынша, оқиға түсірілім аяқталғаннан кейін жұмыс кабинетінде болған. Оның сөзінше, бұл жағдай психологиялық тұрғыда ауыр соққы болып, өміріне кері әсер еткен. Тіпті ол өзіне қол жұмсамақ болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қысқа дайындық: жылу желілерінің 65%-ы жөнделді

Жылу

ШҚО-да темір кенін заңсыз өндіріп, 1 млрд теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

заңсыз кен өндіру

Kaspi.kz арқылы енді жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді рәсімдеуге болады

Kaspi.kz

Үкімет Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдарға арналған болжамын таныстырды

Үкімет