USD
USD
USD

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Өскемендегі «Қазмырыш» зауытында болған жарылыс кезінде ауыр жарақат алған ер адам түнде ауруханада қайтыс болды.

Жедел жәрдем
Фото: NEGE

Астана, NEGE. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қайтыс болған қызметкердің отбасына және басқа да зардап шеккен өзге де қызметкерлерге қажетті қолдау көрсетіліп жатыр.

Алаңдағы апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасуда», – делінген хабарламада.

Бұған қоса компания өкілдері мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуаттың уақытша төмендетілген режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Еске салсақ, 5 мамырда зауыт аумағында болған жарылыстан оқиға орнында екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алғаны хабарланған еді. Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.   

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер