2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Бұрынғы президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды бостандыққа шыққан соң ұзақ уақыттан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты.

Қайрат Сатыбалды
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Ол Қорғаныс министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде курсанттармен кездесіп, ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысты, деп жазады «Адырна» порталы.

Басылым мәліметінше, іс-шараның видеосын колледж өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. 

Қайрат Сатыбалды – осы колледждің түлегі.

Еске салсақ, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-қызметкері Қайрат Сатыбалды 2022 жылы аса ірі көлемде қаржы жымқыру және сеніп тапсырылған мүлікті иемдену күдігімен ұсталды. Кейін сот оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда 2024 жылы оның жазасы жеңілдетіліп, жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқынан, сондай-ақ Мемлекет басшысынан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі