USD
USD
USD

 Жамбыл, Жетісу, Қостанай облыстарында жел электр стансалары салынады

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Дубайда Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасында қол қойылған бірқатар келісімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Жамбыл, Жетісу, Қостанай облыстарында жел электр стансалары салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE "Бүгін Дубай қаласында, Мемлекет басшысының сапары барысында СОР28 саммиті шеңберінде Қазақстан бірнеше келісімге қол қойды. Олардың арасында француздың TotalEnergies, Сауд Арабиясының ACWA Power компанияларымен, сондай-ақ әмірлік компаниясымен келісімге отырдық. Оған сәйкес, Қазақстанда 3 Гвт қуатты құрайтын жел электр стансаларын салатын боламыз. Қуаты 1,5 Гвт  жел энергия стансасы Жамбыл облысында, тағы бір 1 Гвт-тығы - Жетісу облысында 0,5 Гвт болатын станса Қостанай немесе Ақмола облысында салынбақ. Толық инвестиция көлемі 4,5 млрд доллардан астам болады", – деді"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша, бұл іс-шара Қазақстанның ұлттық электр жүйені потенциалын арттыруға көмектеседі, көмірсутегін бейтараптыру бағытына тиісті үлес қосады. 

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы