USD
USD
USD

Жаңа ипотекалық бағдарлама баспана нарығына қалай әсер етті – сарапшы пікірі

Қазақстанның риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко бүгінде еліміздің баспана нарығында қалыптасқан ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат. 

ғалым
Фото: Ашық дерек көздері

Алматы, NEGE. «2004 жылдың 4 айында жасалған мәмілелердің саны мынадай болып отыр: қаңтарда – 31 713, ақпанда – 30 534, наурызда – 26 389, сәуірде – 31 248. Осы деректерден-ақ мәмілелер бойынша ауытқудың өте мардымсыз екенін байқауға болады. Халықтың негізінен жеңілдікті, қолжетімді ипотекалық займдарды күтіп отырғаны білінеді. Олар қалай дегенде де мәмілелер санында және кейінге шегерілген сұраныстың жинақталуында байқалады. Ол нарықта тоқтата алмайды әрі біртіндеп жүзеге асырыла бастады», - деді Нина Лукьяненко агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының еліміздің баспана нарығына әсеріне қатысты ойын айтты.

«Әзірше, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Меніңше, жеңілдікті ипотека барынша шектеулі сипатқа ие және азаматтардың жекелеген санатына ғана қатысты әрі жылжымайтын мүліктің барлық нысанына бірдей қолданыла бермейді», - деді Нина Лукьяненко.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық