USD
USD
USD

Америкалық бір ғана компанияның құны бүкіл Ресей экономикасынан асып түсті

Америкалық микрочиптер өндірушісі Nvidia – қазіргі заманның бір сенсациясына айналды. Таяуда оның нарықтық капитализациясы 2,59 триллион доллардан асып кетті (2024 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша 2,97 триллион доллар). Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

fri htctq
Фото: anva.com

Алматы, NEGE. Осыған орай әлемдік және ресейлік сарапшылар алып Ресейдің номиналды жалпы ішкі өнімі (2,215 трлн доллар) АҚШ-тың жалғыз компаниясының құнына да жетпей қалғанын жазуда.

Әрине, бұл тек басы ғана. Биылғы 5 маусымда Nvidia капиталы 3 триллион доллар межесінен де бір асып, қайтты. Әйтсе де, сплит (компания акцияларының бөлшектелуі) туралы хабар шыққаннан кейін акциясының құны шамалы кері шегінді. Сплит нәтижесінде акция құны төмендейді және инвесторлар үшін қолжетімді бола түседі. Дегенмен, алдағы жақсы жаңалықтары мен ірі жетістіктері өсімге қайта дем беруі ықтимал.

Қалай болғанда, Nvidia – жаһан тарихындағы нарықтық капитализациясы 3 триллион доллар белесіне жете алған тұңғыш компьютерлік чиптер өндірушісі атанды.

Bloomberg мәліметінше, бұл көрсеткіші жөнінен Nvidia 5 маусымда Apple-ді артқа тастады және әлемдік алпауыт Microsoft корпорациясын ғана алға салды.

Бұл ретте халықаралық сарапшылар "Эн-Видиа" заманауи "алтын іздеушілер" үшін таптырмас құралға айналғанын жазды. Мысалы, 2023 жылы оның акцияларын ұстаушылар бірден 240%-ға байып шыға келді. Бұған жасанды зерде технологиялары айналасындағы дүрбелең-ажиотаж түрткі болуда.

Блумбергтің дерегінше, биылғы жыл басынан бері компанияның акциялары тағы шамамен 147%-ға өсті. Өйткені оның шығаратын чиптері жасанды интеллектте қолданылады және жасанды зерденің міндет-мәселелерін шешуде пайдаланылады, тиісінше, оның өнімдеріне сұраныс қарқынды өсуде. Бұл компания ЖЗ технологияларын дамытудың жаһандық басты бенефициарына айналды.

Нәтижесінде, 5 маусымда Nvidia акциялары бір күн ішінде бірден 5,2% қымбаттап, әрбір құнды қағазының бағасы рекордтық 1224,40 доллар межесін бағындырды (бүгінде 1 208,88 долларға дейін түсті). Бұл оған Apple Inc. корпорациясын шаң қаптырып, Ресейді мұқататын шыңға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы