USD
USD
USD

Майқайыңдағы автобус апаты: Төртінші адамның мәйіті табылды

25 шілдеде облыстық ТЖД күштері мен құралдары «Майқайың» АҚ аумағындағы жұмыс орнына келді. Автобустың бөлшектерін шығару үшін ТЖД құтқарушылары, "КӘАҚҚ РОШ" және шахта қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізді.

ТЖм
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Мамандардың жұмысы қираған топырақ пен тастардың құлау қаупіне қарамастан жүргізілді. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында, сағат 16.05-те экскаватор арқылы топырақты бөгеу кезінде 75 метр тереңдіктен машинист Айып Тілеубергеновтің денесі табылып, сараптамаға жіберілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы қауіппен жүргізілгенін атап өткен жөн. Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты.

Жұмыстарға әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мыңнан астам тонна тау массасы шығарылды. 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов