USD
USD
USD

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтынын мәлімдеді

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды.

Рыбаеина
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы спортшының денсаулығында кінарат бар деп түсіндірді.

Қазіргі уақытта Елена ауыр бронхитпен ауырады.

Оның Уимблдон турнирінен кейін тыныс алу жолдары қабынып, ісініп, ауырған. Соған қарамастан Елена дайындалып, олимпия ойындарында жоғары нәтиже көрсеткісі келді. Алайда дәрігерлер оған кортқа шығуға, ұшуға тыйым салған.

«Париж Олимпиадасына қатыса алмайтынымды өкінішпен хабарлаймын.
Уимблдон турнирінен кейін жіті бронхитпен ауырдым. Жаттығуға оралуға әрекеттенсем де, менің ағзам толықтай қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма қатаң тыйым салды.

Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, ауру бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді. 
Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін. Мен біздің барлық атлеттерімізге жанкүйер боламын, олардың Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Алға, Қазақстан!», деп жазды Рыбакина.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net