Қар астындағы қызғалдақ. Фоторепортаж

22 сәуір, 18:21
Қар астындағы қызғалдақ. Фоторепортаж
Фото: nege.kz

Алматы ауа-райы кешелі бері тосын мінез танытуда. Сәуірдің аяқталуына санаулы күн қалса да қыс көктемге дес бермей тұрғандай. Nege.kz тілшісі қарға оранған оңтүстік астанадан арнайы фоторепортаж дайындады. 

Кеше жапалақтап жауған қар түні бойы толастамады. Алматының кей жеріне түскен қар биіктігі 10-12 сантиметрге жеткен. Бұл жайлы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

 

«21 сәуірде сағат 13.00-ден бастап Алматы қаласында жаңбырдың соңы қарға ұласты. Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға 10-12 сантиметр, ал қала ішінде 6-8 сантиметр қар түсті», – делінген ақпаратта.

Қаладағы жеміс ағаштары бүршік атып, гүлдер жайқалып тұрған-ды. Ауа температурасы минусқа түскеннен кейін гүлдер солып, жеміс ағаштарының гүлі түсе бастады.

Көктемнің жайма-шуақ күнінен кейін келген суық қала тұрғындарына да оңайға соқпаған іспетті. Жұрт қаттап салып тастаған қысқы киімдерін қайта шығаруға мәжбүр болды.

#алматы #сағынтаев #қар #кептеліс
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации