Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Астанада бүгін басталған Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде екі қазақстандық финалға шықты.

Қырғызбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ерлер арасында 60 келіде финалда қазақстандық Талғат Орынбасар мен IJF өкілі Изнаур Сааев шықты. Талғат жартылай финалда отандасы Аман Бақытжанды жеңсе, Сааев тағы бір қазақстандық Мағжан Шамшадиннен басым түсті.

Ал 66 келіде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев финалға өтті. Ғұсман жартылай финалдағы белдесуінде ол қытайлық Цзыян Сені 10:0 есебімен жеңді.

Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін – 1 мың, күміс жүлдегерге – 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық