USD
USD
USD

Қаскелеңдегі аудандық сот ғимаратынан қашып кеткен күдікті ұсталды (видео)

Оның үстінен ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігі (зорлау) бойынша іс қозғалған.

Қашу
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция Қаскелеңде аудандық сот ғимаратынан қашып кеткен ер адамды ұстады. Зорлау жасады деген күдікке ілінген азамат арнайы бөлімше сарбаздарының көмегімен Ақши ауылында қолға түсті.

29 жастағы ер адам ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі («Зорлау») бойынша негізгі айыпқа қоса, қамаудан қашқаны үшін оған қосымша айып тағылды.

Еске салсақ, 1 сәуір күні сағат 10:35-те ол Қаскелең қалалық аудандық сотының аумағынан қашып кеткен еді. Осыған байланысты «Сирена» атты арнайы жедел іздестіру жоспары жарияланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.