USD
USD
USD

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Заң
Фото: Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады.

Колониялардағы ішкі тәртіп ережелеріне енгізілетін өзгерістер сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты болады. Жоба авторлары сотталғандарға дәрігерлермен телефон арқылы кеңесуге рұқсат беруді ұсынады. Осы мақсатта құжатқа жаңа – 181-бап енгізілмек.

«Тиісті медициналық қорытынды болған жағдайда, медициналық кеңестерді қашықтан көрсетуге болады. Кеңесті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері береді. Үшінші тұлғалармен сөйлесуге тыйым салынады», – делінген құжатта.

Жаңа -өзгерісте телефонмен сөйлесу кезінде тәртіп бұзылған жағдайда, байланыс құралдарын пайдалану ережелері сақталмаса, үшінші тұлғалармен сөйлесу немесе әдеп пен мораль нормалары сақталмаса, әңгіме бірден тоқтатылуға тиіс екені жазылған.

«Адвокатпен телефон арқылы білікті заң көмегін алу үшін сотталған адам мекеме әкімшілігіне жазбаша не ауызша өтінішпен жүгінеді. Адвокатпен телефон арқылы сөйлесу оның жеке басы мен байланыс деректерін адвокаттар алқасы арқылы алдын ала растағаннан кейін жүзеге асырылады», – делінген жоба мәтінінде.

Сондай-ақ, адвокат пен сотталғанға үшінші тұлғалармен сөйлесуге тыйым салынғаны ескертіледі.

Құжаттың толық нұсқасымен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады. Қоғамдық талқылау 21 мамырға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

депорация

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Танакөз Толқынқызы

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі