15 Желтоқсан 18:24
...

Үнзила Шапақ: «Азаматтар конституциялық құқығын білгені дұрыс»

Фото:

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 28 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Конституциямыз азды-көпті 6 мәрте өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраған екен. Соңғы өзгерістер Ата заңға былтыр енген еді. Республикалық референдум арқылы қабалданған Конституцияның бөлімі онға дейін ұлғайып, тоқсан тоғызыншы бап қосылды.

Осы ретте біз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-заңгер Үнзила Шапақтан сұхбат алған едік.

 – Былтыр Конституциямызға бірқатар өзгерістер енді. Ол референдум арқылы қабылданды. Осы бір жылда сол ауқымды өзгерістердің нәтижесі көрінді ме? Қандай өзгерістерді атар едіңіз?

– Былтыр 5 маусымда елімізде референдум өтіп, Конституциямыздың үштен бір бөлігіне өзгерістер енді. Әділетті Қазақстанға көшу барысында Жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін көп шаралар атқарылып жатыр. Біз Конституциямызға ауқымды өзгерістер енгеніне бір жыл толуына орай заңды талқылаған болатынбыз. Естеріңізде болса, сайлау жүйесіне біраз өзгерістер енді. Қазір парламенттің мәжілісінде алты партияның өкілі отыр. Тіпті жаңадан құрылған Республика партиясының өзінен алты адам отыр. Бұл демократияның белгілі бір деңгейде көтерілгенін, Парламентте халық өкілдерінің  қаншалықты көбейгенін көрсетіп тұр. Сонымен қатар, Парламентте жастардың, мүгедектердің саны да артқанын айта кету керек. Ал Парламентке депутат болып сайланған әйелдардің саны 30 пайызды құрайды. 29 депутат бір мандатты округтан сайланды. Осы мәселеленің өзі үлкен өзгерістің болғанын көрсетеді.

Осы жолы Парламент отырысында Конституцияның 6 бабына «Меншік туралы» норма енгіздік. Яғни жер және жерасты қойнауы, су көздері мен жануарлар және барлық табиғи ресурстар халыққа тиесілі дедік. Халық атынан меншік құқығы мемлекет арқылы жүзеге асырылады дедік.

Болашақта Ұлттық қордың пайдасын біздің балаларымыз көреді деп айтқанбыз. Ұлттық қор қазынасы жер қойнауындағы қазба байлықтар есебінен жиналып жатыр. Сондықтан Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң енгізіп жатырмыз. Бұл осы Конституцияға енгізілген өзгерістің нәтижесі деуге болады. Заңсыз иеленген10 мың га жерді мемлекеттің меншігіне қайтарып алдық. Мұның барлығы Конституциялық реформалардың жүзеге асып жатқанының көрінісі. Азаматтардың құқықтарын қорғау механизмі кеңейтілді және кеплі жоғарылады.

1 қаңтарда Конституциялық соттың құрылғанына бір жыл толады. Көптеген адам өздерінің Конституциялық құқықтарын Конституциялық сот арқылы қорғап жатыр.

   Былтыр қабылданған өзгерістердің ішінде "Қазақстандықтар енді өзбетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады". Жалпы бізде Конституциялық сотқа шағымданатын жеке тұлғалар көп пе? Халық Конституциялық құқығын қорғай алып отыр ма?

  – Қазіргі кезде Конституциялық сотқа жүгіну өте көп. Осы уақытқа дейін 5172 өтініш келіп түсті. Арыз-шағымдардың барлығы қаралып жатыр демесек те, қаралып жатқан істердің қарқынын да жоғары деп айтуға болады. 4847 өтініш кері қайтарылған. 149 өтініш алдын ала қаралып жатыр. 36 іс қаралып, қорытынды шешімі шыққан. Судьялардың қолында қазір 1001 іс жатыр. Сонымен қатар Конституциялық соттың сайтына кіретін болсаңыз, қалай өтініш беру керек деген сұрақтан бастап, барлық сұраққа жауап алуға болады.

Сонымен қатар, Бұқаралық Ақпарат Құралдарында да Конституциялық сот туралы ақпарат өте көп талқыланады. Сондықтан Конституциялық сотқа деген азаматтардың қызығушылығы жоғары. Конституциялық сотқа азаматтармен қатар, Бас прокуратура мен адам құқықтары бойынша уәкіл де жүгіне алады. Конституциялық сотқа адамдардың жүгіну мүмкіндігін кеңейтті.

  Біздің елімізде «Конституция күні» жыл сайын 30 тамызда тойланады. Десе де, бұл күннің маңыздылығына халқымыз аса тереңдей қоймайтын сияқты. Сіздің пікіріңізше «Конституция күні» бізде қалай тойланады? Қалай атап өтілгенін қалар едіңіз? Конституцияны насихаттау жұмыстары елімізде қалай жүріп жатыр?

   – Жалпы кез келген елде Конституцияның құндылығы өте жоғары болып саналады. Кей елдерде Конституция күні бір күн емес, бір апта атап өтіледі. Біз Конституциялық құқығымызды өте жоғары қоюымыз керек. Соңғы үш-төрт жылда біз Констиуция күніне орай Констиуциялық апталық өткізетін болдық.

Сондай кейін елдімекендерде, үлкен-үлкен мемлекеттік мекемелерде тегін кеңестер беру, құқықтық көмек көрсерту бойынша үлкен науқан жүреді. Президентіміз өз жолдауында да айтып кетті, азаматтардың құқықтық санасы жолғары болуы керек. Сосын заңның үстемдігі болуы керек. Оның бірден бір баспалдағы ол – азаматтардың Констиуцияны түсіне білуі. Соның ішінде Констиуцияның екінші бөлігінде көрсетілген «Адам және азамат» деген тарау бар.

Сол тарауда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп тұр. Соны азаматтар білгені дұрыс. Бізде құқықтық сауаттылық тек заң мамандарында болуы керек деп ойлайды, бірақ олай емес. Қарапайым азаматтар де өз құқықтарын біліп жүргені жөн. Сонда ғана адамдар өз құқықтарын қорғауды үйренеді. Констиуцияда көрсетілген құқықтар адамның бойынан ажырамайтын құқықтар.

Мектептерде құқықтық сауаттылықты үйретені пәндер бар. Сол пәндерге жақсылап назар аудармайтын сияқты. Менің пікірімше, сол пәндерге баса назар салу керек. 16 жасқа келіп, төлқұжатын алған азамат өз құқығын қаншалықты біледі деген сияқты сынақ өткен дұрыс деп ойлаймын. Азаматтылық деген ұғымның өзі мемлекетпен құқықтық байланысты заңдастырады дегенді білдіреді. Төлқұжат алу арқылы мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысқа түсесің. Сол арқылы сайлауға қатыса аласың, сайлауға түсе аласың және мемлекеттің саяси таңдауына белгілі бір деңгейде қатыса аласың.

  Референдум жүйесінің жалпы маңыздылығын түсіндіріңізші?

  – Бұл өте мықты институттардың бірі. Мемлекет үшін, қоғам үшін, өздері үшін маңызды мәселе бойынша пікірін бідлдіреді. Референдум тәсілі Қазақстанға бірінші баспалдақтан бастап кірген. Себебі 1995 жылы қазіргі қолданыстағы Констиуциямыз рефрерндум арқылы қабылданған.

Констиуция деген адамдар мен мемлекет арасындағы құжат. Маған адам құқықтары құрғалатын, демократиялық құндылықтарды алға ұстайтын, сот жүйесі әділ жұмыс істейтін Констиуция керек деп адамдар референдум арқылы дауыс бере алады. Қандай да бір мәселе туындаса, азаматтар болып өзіміз шешейікші деген кезде халықтың алдына шығарамыз. 

Сосын сол дауысымызды жинап, шешім шығарылады. Біз болашағымызды шешетін мәселені референдум арқылы шаша еаламыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесін референдум өткізу арқылы шешейік деді ғой. Сол сияқты, маңызды мәселелер демократиялық қоғамда халықтың дауыс беруі арқылы шешіледі.

– Сұхбатыңызға рақмет! 

Тегтер: