Қазақстан-Иордания бизнес-форумы өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысты.
Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдалланы Астанада қарсы алуды өзіне зор мәртебе санайтынын жеткізді.
– Ұлы Мәртебелі, Өзіңіз бен жұбайыңыз патшайым Ранияны бүкіл әлем дана, аса білімдар және парасатты тұлғалар ретінде мойындайды. Бүгінгі заманда Сіз бен жұбайыңыз секілді көшбасшылар кемде-кем, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Корольге Қазақстан мен Иордания арасындағы серіктестікті дамытуға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқанына алғыс айтты. Сондай-ақ іскерлік орта өкілдеріне бизнес-форум жұмысына қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.
– Король ІІ Абдалланың ресми сапары аясында өтіп жатқан бұл форум біздің перспективті серіктестігіміздің жаңа кезеңіне жол ашады. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясы екіжақты қарым-қатынасты кеңейтудің маңызды институционалдық негізін қалайтыны сөзсіз. Бүгін Ұлы Мәртебелі Король Абдалламен мазмұнды келіссөз жүргіздік. Әңгімелесу барысында алдағы жылдары өзара тиімді ықпалдастықты нығайтуға шешім қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өңірдегі экономикасы ең ірі ел болып қала береді.
– Экономикамыз биылғы жеті айда 6,3 пайызға ұлғайып, сенімді түрде өсіп келеді. Оған өнеркәсіп, сауда және көлік салаларындағы жоғары көрсеткіштер мүмкіндік берді. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізу арқылы осы қарқынды сақтап қалуға ниеттіміз. Сондықтан серіктестігіміз көптеген сектордың өркендеуіне септігін тигізетініне сенімдіміз, – деді Президент.
Қазір оқып жатыр
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған