USD
USD
USD

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Astana Hub халықаралық кластерін аралау барысында еліміздің ІТ және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен танысты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық кластер. Онда 1700-ден аса ІТ-компания шоғырланған. Былтыр тартылған жалпы инвестиция көлемі 700 миллион доллардан, ал ІТ қызметінің экспорты 650 миллион доллардан асты.

Astana Hub базасында жыл сайын он мың азаматты қамтитын Tech Orda, TUMO және Tomorrow School білім беру, сондай-ақ Google for Startups серіктесімен бірге акселерация бағдарламалары іске асырылуда. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі меймандарға биыл күзде Астанада ашылуы жоспарланып отырған AlemAI Халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын көрсетті.

Қазақстан Президенті мен Иордания Короліне әлемдік нарыққа шыққан отандық компаниялардың әзірлемелері таныстырылды. Олардың қатарында epsilon3ai (мемлекеттік секторға АІ-шешімдер әзірлейтін зертхана), Qalan (Қазақстанда және шет елде 1 миллионнан аса оқушы пайдаланатын математика пәнінен білім беру платформасы), inDrive (жолаушы және жүк тасымалы, жеткізу қызметін ұсынатын жаһандық платформа), KazDream (ұлттық қауіпсіздік, шекаралық бақылау және киберқорғау салаларында жұмыс істейтін еліміздегі ірі ІТ-компания) секілді жобалар бар.

Қазір оқып жатыр

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

роуд-шоу

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қаржыны толық аудармауына не себеп?

Самұрық-Қазына