28 Маусым 17:35
...

Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Фото:

Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушылар таныстырылды.

Елорда, NEGE. «Бұған дейін де айтқанымыздай, біздегі басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кей басқармалар біріктірілді, енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бөлінді», - деді облыс басшысы. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Аман Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіретін болады. Облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын Ұлантай Үсенов атқарады.

Тегтер: