USD
USD
USD

Абай облысында полицейлер жәбірленушілерге 17,8 млн теңге қаражатын қайтарды

Абай облысында жыл басынан бері жүздеген алаяқтық дерегі ашылып, жәбірленушілерге 17,8 миллион теңге қайтарылды, - деп хабарлады Polisia.kz.

П
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Абай облысында биылғы жылдың басынан бері 756 алаяқтық дерегі тіркелді. Жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 113 қылмыстық іс аясында 22 күдікті қолға түсті.

"Антифрауд" жүйесі арқылы 26 млн 228 мың теңге бұғатталып, қылмыскерлердің иелігіне өтіп кетуіне жол берілмеді. Сонымен қатар жәбірленушілерге 17 млн 800 мың теңге қайтарылды. 

Абай облысының полиция департаменті тұрғындарды барынша қырағы болуға, күмәнді қоңыраулар мен интернет-хабарламаларға сенбеуге және алдау әрекеттерінің кез келген түрі жайлы дереу полицияға хабар беруге шақырады.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша