17 Мамыр 16:17
...
Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың Subaru автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталды, деп хабарлады Полиция.
Алматы, NEGE. Автокөлік иесі анықталды. Көлік иесінің айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен.
Оның бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаны туралы білмеген. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды.
Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.