USD
USD
USD

Санжар Тәшкенбай Астанада өткен Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Cup Astana 2025 турнирінде алтын медаль иеленді.

Санжар Тәшкенбай
Фото: t.me/kfbmedia

АСТАНА, NEGE. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте ол филиппиндік Джей Брайан Барикватроны айқын басымдықпен — 5:0 есебімен жеңді. Санжар жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстап, арақашықтықты тиімді пайдаланды және қарсыласының әр шабуылына нақты әрі ұтымды жауап қайтарып отырды. Барикватро қазақстандық боксшының қарқыны мен дәлдігіне ілесе алмады. Қазылар алқасының бес мүшесі де бірауыздан жеңісті Тәшкенбайға берді.

Бұл – Санжардың турнирдегі үшінші жеңісі. Бұған дейін ол Жапония мен Әзербайжан боксшыларын раунд жоғалтпай ұтқан болатын.

World Boxing ұйымының бұл турнирі Тәшкенбайдың жеңіл салмақтағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сарапшылар оны қазақстандық бокстың болашағы ретінде атап жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Әлем кубогында Назым Қызайбай мен Виктория Графеева да алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция