USD
USD
USD

Әзірбайжан Ресейді алқымнан алмаса да айбат шегіп бағуда

Қазіргі Әзірбайжан бұрынғы Әзірбайжан емес. Қазіргі Әжірбайжан аузын айға білеген Түркиямен «екі ел бір әскер» қағидасымен қол ұстасқан мемлекет.

Путин
Фото: NEGE

Сондықтан оның азуы егеулі, бес қаруы сай деуге де болады. Солай болғаннан кейін Әзірбайжан басынан сөз асырмауға, әсіресе қиянатқа өре түрегелуге бейім тұратынын байқатып келеді. Оны біз Ресейге қатқыл үн қататынынан көріп жүрміз. «Ағасы бардың жағасы бар» демекші, Әзірбайжан елі Түркияға арқа сүйейтіні бесенеден белгілі. Біліп істеді ме, білмей істеді ме, Ресей әскерилері Әзірбайжанның жолаушылар ұшағын атып зақымдауының салдарынан апатқа ұшарауының әңгімесі әлі біткен жоқ. Бұл іске Әзірбайжан қатты кіріскенімен, Ресей жағы кешірімді де дұрыстап сұрамай, сөзі сұйықтау болғаны белгілі. Әзірбайжан енді тағы бір тосын жағдайға тап болды. Ресей өз аумағында рейд жүргізу барысында әзірбейжандар жапа шегіп, екі адамы мерт болды. Бұл жағдай әзірбайжандарға қатты тиіп отыр.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та былапыт сөз айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

жауапкершілік

Әлем жасанды интеллектіні қалай реттеп жатыр?

ЖИ

Трамп ХАМАС-қа қатысты «тарихи келісімге» қол жеткізілгенін мәлімдеді

Трамп

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті

каникулдар