Тамерлан Разбеков пен «АСПМК-519» ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлықпен ұсталған
Қазір Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков сотқа қайта шағымдануда
Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен «АСПМК-519» ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылған болатын.
Тергеу мәліметтері бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған, – делінген хабарламада.
ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. «АСПМК-519» ЖШС басшылығы да тиісті жазасын алды.
Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.