USD
USD
USD

WTA турнирі: Елена Рыбакинаның қарсыластары анықталды

2 қарашада Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирі басталады. Оған маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысады.

Елена Рыбакина
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында екінші рет ең беделді турнирлердің біріне екінші рет жолдама алып отыр.

Ол күлгін топ сапында өнер көрсетеді. Рыбакинаның қарсыластары Арина Соболенко (Беларусь), Жасмин Паолини (Италия) және Чжан Цинвэнь (Қытай) болмақ.

Қызыл сары топқа Ига Швентек (Польша), Кори Гауфф (АҚШ), Джессика Пегула (АҚШ) және Барбора Крейчикова (Чехия) сынды теннисшілер енді.

Рыбакина 2 қарашада Паолиниге қарсы алғашқы матчын өткізеді.

Айта кетейік, турнир 9 қарашада аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе