USD
USD
USD

АҚШ-тағы президент сайлауы: 51 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді

АҚШ-та 5 қарашада өтетін президенттік сайлауда 53 миллионнан астам сайлаушы мерзімінен бұрын дауыс берді.

Сайлау, Америка
Фото: Daryo

Алматы, NEGE. Мұндай деректер Флорида университетінің мерзімінен бұрын дауыс беру жүйесінің сайтында берілген. Жалпы статистика 53 460 802 сайлаушының мерзімінен бұрын дауыс бергенін көрсетеді. Олардың 27 миллионнан астамы сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, ал 25 миллионнан астамы толтырылған бюллетеньдерді пошта арқылы жіберді.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың 39,5 пайызы тіркелген демократтар, ал 36,1 пайызы – республикашылдар. Бұл ретте барлық сайлаушылардың 40,8%-ы – 65 жастан асқандар. 41-65 жас аралығындағы сайлаушылардың үлесі – 38,2%, 26-дан 40 жасқа дейінгілер – 14%. 18 бен 25 жас аралығындағы жас сайлаушылардың үлесі – небәрі 6,9%.

Айта кетейік, АҚШ-тағы президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Бұл сайлауда АҚШ-тың 47-ші президенті анықталады. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс