USD
USD
USD

Италия банкі Қазақстан нарығына кіруге ниетті

Қазақстанда Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісі ашылуда. Бұл жайында Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екі жақты кездесу барысында мәлім болды.

Италия банкі
Фото: id.foursquare.com

Алматы, NEGE. Арман Шаққалиевтің айтуынша, Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2023 жылы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымы $16,1 млрд болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп. Қазақстаннан Италияға экспорт $14,8 млрд жетті, ал импорт $1,2 млрд, бұл өсімнің оң динамикасын көрсетіп отыр.

Сауда-саттықтың өсуі 2024 жылы да жалғасын тапты. 2024 жылдың сегіз айында сауда көлемі 33%-ға өсіп, $13,8 млрд болды, бұл ретте қазақстандық өнімнің экспорты 36% -ға артып, $12,9 млрд жетті. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 29 қазанда Астанада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының (ҮАК) 9-шы отырысы өткенін атап өтті.

Отырыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айында Италияға сапарынан кейінгі тапсырмасы шеңберінде өтті және сауда-экономикалық мәселелерді талқылауда маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде италияндық қонақ Эдмондо Чириелли шақырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды