Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалы Бейжіңде өтпейтін болды
Мәнерлеп сырғанаудан 2020/2021 жылғы маусымының Гран При финалы Бейжіңде өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының ресми сайтында ресми мәлімденді. Гран При финалы Қытайдың Бейжің қаласына жоспарланған болатын. Бастапқыда аталған дода 10-13 желтоқсан күндеріне белгіленген еді. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кейінге қалдырылды. Бүгін ISU 2022 жылғы Олимпиада ойындарына бақылау жарысы есебінде биылғы маусымның Гран При финалы Бейжіңде өткізілмейтінін хабарлады.
Қазір оқып жатыр
Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
Алматыда Altyn City тұрғындары 40 градус аптапта жарықсыз қалып, жолды жапты
«Қайратпен» келіссөздер жүріп жатыр: Канье Уэстің концертіне билет сату кейінге шегерілді
Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді