USD
USD
USD

«Қайратпен» келіссөздер жүріп жатыр: Канье Уэстің концертіне билет сату кейінге шегерілді

Алматыда өтетін америкалық рэпер Канье Уэстің (Ye) концертіне билет сату 21 шілдеге ауыстырылды. Бұл туралы First Media Group пен Freedom Holding бірлескен мәлімдемесінде хабарлады.

.
Фото: Коллаж ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. Ұйымдастырушылар «Қайрат» футбол клубымен келіссөз жүргізіп жатқанын және футбол жанкүйерлерінің мүддесін ескеретінін мәлімдеді.

«Барлық тараптың мүддесін ескеретін ең қолайлы шешімді табу мақсатында конструктивті диалог жүргізіп жатырмыз», – делінген мәлімдемеде.

Әзірге концерттің өтетін күні мен орны өзгерген жоқ. Шоу 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді деп жоспарланып отыр.

Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін шектеулі мөлшердегі билеттердің алдын ала сатылымы 21 және 22 шілдеде өтеді. Ал 23 шілдеден бастап билеттерді барлық көрермен Freedom SuperApp қосымшасы мен Ticketon.kz сайтынан сатып ала алады.

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» футбол клубы 14 тамызда Орталық стадионда концерт өткізу жоспары өздерімен келісілмегенін мәлімдеген. Команда 8 және 15 тамызда осы стадионда Қазақстан чемпионатының матчтарын өткізуге тиіс. Сондай-ақ 11–13 тамыз аралығында еурокубок матчы өтуі мүмкін.

Клуб өкілдерінің айтуынша, ауқымды концертке арналған сахнаны орнату және жинау жұмыстары стадионның көгалы мен инфрақұрылымына зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты «Қайрат» келіссөздер аяқталмай тұрып Орталық стадионды концерт өтетін орын ретінде жариялауға әлі ерте деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші