USD
USD
USD

Дастархан басында қол алысып амандасу дұрыс па? Нұртөре Жүсіп пікір білдірді

Бұрынғы сенатор, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп дастархан басындағы амандасу әдебіне қатысты пікір білдірді.

Нұртөре Жүсіп
Фото: Нұртөре Жүсіп

Астана, NEGE. Оның айтуынша, ас ішіп отырған адамдардың сырттан келген кісімен жаппай қол алысып амандасуы қазақтың ежелден келе жатқан дәстүріне жатпайды.

«Қазақта қалыптасқан жүйелі әдеп нормалары мен амандасу тәртібі бар. Алайда кейде соған мән бермей, ойланбастан әрекет жасап жатамыз. Ас ішіп отырған адаммен амандасудың да өз тәртібі болуы керек. Жұрттың дастархан басында жағалай қол алысқанын өз басым құптамаймын. Сырттан келген адамның қолын жуған-жумағаны белгісіз. Бұл – гигиена мәселесі», – деді Нұртөре Жүсіп Adyrna порталына берген сұхбатында.

Нұртөре Жүсіп міндетті түрде қол алысу немесе беттен сүйіп амандасу қазақтың төл салтына жатпайтынын айтты. Оның пікірінше, амандасқан кезде қолды жүрек тұсына қойып, бас изеу де жеткілікті.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық