USD
USD
USD

Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды айыптады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Қара теңізде Каспий құбыры консорциумы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды.

СІМ
Фото: СІМ

Астана, NEGE. Министрлік бұл оқиғаларды Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қол сұғу және халықаралық сауда мен энергетикалық жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекет деп бағалады.

«Қазақстан шабуылдарды дереу тоқтатуды және қазақстандық көмірсутек шикізаты экспорты инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты шаралар қабылдауды талап етеді», – делінген СІМ мәлімдемесінде.

Ведомствоның хабарлауынша, Қара теңізге КҚК терминалдарында мұнай тиеу үшін кіретін азаматтық кемелер туралы ақпарат алмасу тетігі алдын ала келісілген. Алайда бұл механизм әдейі ескерілмей, кеме экипаждарының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнген.

Қазақстан серіктес елдерді шабуылдарды айыптауға және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермейтін нақты шараларды бірлесіп әзірлеуге шақырды.

Қазір келтірілген залал көлемі бағаланып жатыр. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан халықаралық құқық аясындағы барлық тетікті, соның ішінде шығынды өтеу туралы талап қою құқығын, пайдалануы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы