USD
USD
USD

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты соттың қашан басталатыны белгілі болды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау 21 шілдеде өтеді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.

Нұрай Серікбай
Фото: Отбасылық архивтен

Астана, NEGE. Адвокаттың айтуынша, алдын ала тыңдауда істі негізгі сот талқылауына жіберу мәселесі шешіледі. Сондай-ақ дәлелдерді зерттеу тәртібі белгіленіп, істі алқабилердің қатысуымен қарау мүмкіндігі талқыланады.

Жәбірленуші тарап соттың барынша ашық өтуін және отырыстардың онлайн көрсетілуін талап етпек.

Еске салсақ, қанды қылмыс 11 қаңтарда жасалған. Сол күні кешке Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы 11 жерінен пышақтап өлтірген.

Бұл факт бойынша адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы күдікті 13 қаңтарда Шымкенттен он шақырым жерден ұсталып, қамауға алынды.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, ол Талғар ауданы Ақтас ауылындағы мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілген. Кейін күдікке ілінген жігіттің ақыл-есінің дұрыс екені анықталды.

Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін қалалық полиция департаменті бастығы мен оның бірінші орынбасары, сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары