USD
USD
USD

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы орман өрті оқшауланды.

.
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Облыс әкімдігі жариялаған мәліметке сәйкес, Бородулиха ауданындағы өрт 18 шілде күні сағат 09:45-те оқшауланған. Қазір өртті толық сөндіру және аумақты бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

Өртпен күреске 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және сегіз тікұшақ жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстарына «Семей орманы» және «Ертіс орманы» резерваттарының қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары, сондай-ақ Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері тартылды.

Өрт басталғалы бері авиация 319 рет су төгіп, өрт ошағына 709 тонна су жеткізді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Абай облысына барды. Олар облыс әкімі Берік Уәлимен бірге өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен техниканың жұмысын үйлестірді.

Еске салайық, «Семей орманы» резерваты аумағындағы өрт 16 шілде күні таңертең тіркелген еді.

Қазір оқып жатыр

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық

Алматыда жүйіткіген көлік музей алдындағы арт-инсталляцияға соғылды

жол-көлік оқиғасы