USD
USD
USD

Алматыда Altyn City тұрғындары 40 градус аптапта жарықсыз қалып, жолды жапты

18 шілдеде Алматыдағы Altyn City тұрғын үй кешенінің тұрғындары электр қуатының өшуі мәселесіне биліктің назарын аудару үшін жолды жауып тастады.

.
Фото: Коллаж ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. Жиналғандардың айтуынша, 40 градус аптапта тұрғындар кондиционерсіз және тоңазытқышсыз отыруға мәжбүр болған.

«Құрметті Дархан Сатыбалды, жағдайды жеке бақылауыңызға алып, электр қуатын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруді сұраймыз. Мыңдаған тұрғын қиын жағдайда қалды», – деді олар.

Тұрғындардың сөзінше, кешенде шамамен 1,5 мың пәтер бар. Алайда тұрғын үй кешені әлі күнге дейін уақытша электр желілеріне қосылған. Құрылыс салушы бұл желілерді қаланың коммуналдық меншігіне бермеген.

Сондай-ақ тұрғындар электр энергиясының ақысын заңды тұлғаларға белгіленген тарифпен төлеуге мәжбүр екенін айтты.

«Ең сорақысы – көпқабатты үйдің қарапайым тұрғындары болсақ та, электр энергиясының ақысын заңды тұлғаларға белгіленген тарифпен төлеп отырмыз. Инженерлік желілер мәселесі бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Әкімдік мәліметінше, құрылыс салушы жүргізген желілер әлі күнге дейін коммуналдық меншікке берілмеген. Электр қуатын жеткізетін қосалқы кабель де жоқ», – деді тұрғындар.

Алматы әкімдігі редакцияға электр қуатының өшуіне құрылыс салушы орнатқан жабдықтың тұрғын үй кешеніндегі нақты электр жүктемесіне сай келмеуі себеп болғанын хабарлады.

«Кешкі ең жоғары тұтыну уақытында 0,4 кВ желідегі жүктеме 1000 амперден асты. Ал орнатылған автоматты ажыратқыштар 630 амперге ғана есептелген. Соның салдарынан электр қуаты өшті.

“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ тарапынан электр қуатын беруге ешқандай шектеу қойылған жоқ. Сыртқы электр желілері қалыпты жұмыс істеді», – деп хабарлады әкімдік.

Қала билігінің мәліметінше, құрылыс салушы «Қазақстрой» ЖШС автоматты ажыратқыштарды нақты жүктемеге сай келетін жабдыққа ауыстыруға міндеттеме алған.

«Жағдай бақылауда», – деп хабарлады әкімдік.

Қазір оқып жатыр

Испания 16 жылдан кейін қайтадан әлем чемпионы атанды

.

Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды айыптады

СІМ

«Қайратпен» келіссөздер жүріп жатыр: Канье Уэстің концертіне билет сату кейінге шегерілді

.

Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді

.